457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғашқы алтын медалін жеңіп алды

Қытайдың Шаосин қаласында өтіп жатқан эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды malimsports.kz.

4×400 метрлік аралас эстафетада өнер көрсеткен қазақстандық команда мәреге бірінші болып жетіп, құрлық біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы сапында Эльнор Мұхитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс жүгірді. Отандастарымыз қашықтықты 3 минут 16,75 секундта бағындырып, чемпион атанды.

Күміс жүлде Үндістан құрамасына бұйырды. Олар мәреге 3:17.06 нәтижесімен жетті. Ал жарыс қожайыны Қытай құрамасы 3:17.20 уақыт көрсетіп, қола медальға ие болды.

Айта кетейік, Шаосиндегі Азия чемпионаты 21 маусымда аяқталады. Алда Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада да жүлде үшін таласады.

 

Фото:ҰОК