Қазақстандық жеңіл атлеттер Орталық Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасының қоржыны Орталық Азия чемпионатында тағы екі алтын медальмен толықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатында отандастарымыз жүлделі орындардан көрінді.
Үш қарғып секіруден Мария Ефремова 13,33 метр нәтижемен жарыстың жеңімпазы атанды. Осы сайыста Қазақстанның тағы бір спортшысы Варвара Дмитриева 12,58 метр көрсеткішпен қола жүлдеге ие болды. Ал күміс медаль Сингапур өкілі Тиа Луиза Розариоға бұйырды. Оның нәтижесі – 12,68 метр.
Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медальді Михаил Литвин салды. Ол 400 метрге жүгіруде 46,35 секунд нәтижесімен топ жарды. Бұл – спортшының аталған қашықтықтағы соңғы төрт жылдағы ең үздік көрсеткіші.
400 метрлік жүгіруде тағы бір қазақстандық Алан Иванов 46,75 секунд нәтижемен күміс жүлдеге ие болды. Спортшы өз мансабында алғаш рет 47 секундтық межеден өтіп, жеке рекордын жаңартты.
Осылайша, Мария Ефремова мен Михаил Литвиннің жеңісінен кейін Қазақстан құрамасының Орталық Азия чемпионатындағы алтын медаль саны жетіге жетті.
Фото: ҚР ҰОК
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған