Қазақстандық спортшы Ташкентте 100 метрге жүгіруден чемпион атанды
Ташкентте өтіп жатқан III Орталық Азия чемпионатында қазақстандық жеңіл атлет Виктория Ан 100 метрге жүгіруден жеңімпаз атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстандық спортшы қашықтықты 11,85 секундта жүгіріп өтіп, осы маусымдағы ең үздік нәтижесін көрсетті.
Күміс жүлде өзбекстандық Лайло Аллабергановаға бұйырса, үшінші орынды түрікменстандық Валентина Мередова иеленді. Олар сәйкесінше 11,92 және 12,09 секунд нәтиже көрсетті.
Осылайша, Виктория Ан Шымкентте өткен Гусман Қосанов мемориалында өзінен озып кеткен Лайло Аллабергановадан бұл жолы басым түсті.
Қазақстанның тағы бір өкілі Маргарита Назаренко 12,26 секунд нәтижесімен бесінші орынға тұрақтады.
Фото: ҚР жеңіл атлетика федерациясы
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған