457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық жеңіл атлеттер U20 әлем чемпионатында екі рекорд жаңартты

АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан құрамасы жарыста екі рет ұлттық рекорд жаңартып, екі спортшы финалдық кезеңге жолдама алды.

Сырықпен секіруден сынға түскен Анна Черкашина іріктеу кезеңінде 4,10 метр биіктікті бағындырып, Қазақстанның U20 санатындағы жаңа рекордын орнатты. Финалда да дәл осы нәтижені көрсеткен спортшы жарысты 11-орынмен аяқтады.

Диск лақтырудан Максим Сажнев те ұлттық рекордты жаңартты. Ол іріктеу кезеңінде 61,37 метрге лақтырып, U20 санатындағы Қазақстанның ең үздік көрсеткішін тіркеді. Финалда Сажнев 59,85 метр нәтижемен 11-орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасының басқа өкілдері келесі нәтижелерге қол жеткізді:

Шерхан Егізбай (5000 метрге спорттық жүріс) – 38-орын;

Егор Струков (5000 метрге спорттық жүріс) – 36-орын;

Глеб Гладилов (үш қарғып секіру) – 31-орын;

Кирилл Савченко (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) – 54-орын;

Богдан Гончаров (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру) – 37-орын;

Маргарита Стороженко (5000 метрге спорттық жүріс) – 25-орын;

Антонина Чернышова (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру) – 58-орын;

Алина Головина (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру) – 45-орын;

Софья Киденко (400 метрге жүгіру) – 51-орын.

Осылайша, Қазақстан құрамасы U20 әлем чемпионатындағы өнерін екі ұлттық рекордпен және екі финалдық кезеңмен аяқтады.

 

Фото: Жеңіл атлетика федерациясы