457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық атлет Орталық Азия чемпионатында топ жарды

Отандасымыздың Ташкенттегі нәтижесі соңғы екі жылдағы үздік көрсеткіштерінің бірі болды.

Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Ядро серпу сайысында қазақстандық спортшы Иван Иванов 19,35 метр нәтижесімен жеңімпаз атанды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Күміс медальді 15,79 метр көрсеткішпен Түрікменстан өкілі Гурбанназар Какаджаев иеленсе, Өзбекстан спортшысы Абдуазим Рахматуллаев 15,39 метр нәтижемен үшінші орынға тұрақтады.

Иван Ивановтың Ташкенттегі нәтижесі соңғы екі жылдағы үздік көрсеткіштерінің бірі болды. Спортшы 2026 жылғы маусымда бұл нәтижеден жоғары көрсеткішті тек Мокпода өткен Азия чемпионатында тіркеген.

Ядро серпу. Ерлер:

Иван Иванов (Қазақстан) – 19,35 м

Гурбанназар Какаджаев (Түрікменстан) – 15,79 м

Абдуазим Рахматуллаев (Өзбекстан) – 15,39 м. 

Фото: ҚР ҰОК 

Ең көп оқылған