Қытайдың Вэйхай қаласында триатлоннан Әлемдік серияның кезекті кезеңі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Халықаралық додаға Қазақстан құрамасының екі спортшысы қатысады.
Алдын ала өтінімге сәйкес, жарыста Арлан Жанабай мен Аян Бейсенбаев ел намысын қорғайды.
Әлемнің үздік триатлоншылары бас қосатын беделді халықаралық турнир 29 тамызда өтеді.
Фото: ҰОК