457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 7 медаль жеңіп алды

Қытайдың Тяньцзинь қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы барлығы жеті жүлдеге қол жеткізді.

Алтын медальді Алина Чистякова (бессайыс), Нора Джеруто (3000 метр) және әйелдер құрамасы 4×400 метрлік эстафетада (Кристина Кондрашова, Марина Шувалова, Анна Шумило, Аделина Земс) иеленді. Ал биіктікке секіруден Надежда Дубовицкая күміс жүлде алды.

Қола жүлделерді Нора Джеруто (1500 метр), Мария Ефремова (үш қарғып секіру) және ерлер құрамасы 4×400 метрлік эстафетада (Вячеслав Земс, Мәди Төкенов, Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов) еншіледі. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы төртінші орынға тұрақтады.

 

 

 

Фото: Qazathletics.kz