Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 6 жүлде жеңіп алды
Қытайдың Ордос қаласында жеңіл атлетикадан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Төрт күнге созылған құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасы 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады.
Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені ұзындыққа секіруден Анастасия Рыпакова салды. Ол 6,11 метр нәтиже көрсетіп, күміс медаль иеленді. Осылайша, спортшы 2023 жылғы U20 Азия чемпионатындағы қола жүлдеден кейін бұл жолы күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ерлер арасындағы сырықпен секіруде Максим Балабин 5,05 метр биіктікті бағындырып, қола медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасындағы 20 шақырымдық спорттық жүрісте Ясмина Тоқсанбаева 1 сағат 41 минут 26 секунд нәтижемен үшінші орын иеленді. Чемпионаттың соңғы күні Алина Чистякова жетісайыс қорытындысында 5737 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар ол жарыс барысында үш бірдей жеке рекордын жаңартты.
Командалық бәсекелерде әйелдер құрамасы екі мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді. 4×100 метрлік эстафетада Анна Шумило, Екатерина Пузырева, Татьяна Но және Дарья Гридасова қола жүлде иеленсе, Анна Шумило, Анастасия Цвиркунова, Екатерина Колода және Мария Шувалова 4×400 метрлік эстафетада 3:37,65 нәтижесімен үшінші орынға тұрақтады.
Фото: Жеңіл атлетика федерациясы
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған