457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты: алғашқы күннің жеңімпаздары анықталды

Биіктікке секіруден әйелдер арасында Қарағанды облысының өкілі Кристина Овчинникова 1,84 метр нәтижемен чемпион атанды.

Астанада 22-24 шілде аралығында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Ел біріншілігінің алғашқы жарыс күнінде бірнеше бағдарлама бойынша жеңімпаздар анықталды, деп жазады malimsports.kz. 

Биіктікке секіруден әйелдер арасында Қарағанды облысының өкілі Кристина Овчинникова 1,84 метр нәтижемен чемпион атанды.

Ұзындыққа секіруде ерлер арасында Маңғыстау облысының спортшысы Александр Кузьмичев 7,18 метрге секіріп, алтын медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында Шығыс Қазақстан облысының өкілі Анастасия Рыпакова 6,11 метр көрсеткішпен топ жарды.

100 метрге жүгіруде ерлер арасында Алматы қаласының спортшысы Алмат Төлебаев 10,71 секунд уақыт көрсетсе, әйелдер арасында Астана қаласының атынан сынға түскен Виктория Ан 11,90 секунд нәтижемен мәреге бірінші келді.

400 метрге жүгіруден Шығыс Қазақстан облысының өкілі Елнор Мұхитдинов (47,66 секунд) пен Қарағанды облысының спортшысы Милана Зубарева (56,98 секунд) жеңімпаз атанды.

1500 метрге жүгіруде Игорь Хрунин (Шығыс Қазақстан облысы) 4:00.75 уақытпен, ал әйелдер арасында Жетісу облысының спортшысы Аяна Болатбекқызы 4:26.77 нәтижемен алтын медаль иеленді.

10 000 метрге жүгіруден Алматы қаласының өкілі Максим Фроловский (28:50.94) және Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Дэйзи Джепкемей (33:52.33) чемпион атанды.

4×100 метрлік эстафетада ерлер арасында Қарағанды облысының құрамасы (42.12 секунд), ал әйелдер арасында Алматы қаласының командасы (48.56 секунд) үздік нәтиже көрсетті.

20 шақырымдық спорттық жүрістен ерлер арасында Шымкент қаласының өкілі Жарылқасын Егізбай (1:35:58.47), әйелдер арасында Алматы қаласының спортшысы Кристина Морозова (1:44:12.16) жеңіске жетті.

Найза лақтырудан Шығыс Қазақстан облысының спортшылары Алексей Хлыстов (70.47 метр) пен Варвара Назарова (45.75 метр) алтын жүлдені жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы ядро итеруде Шымкент қаласының өкілі Ангелина Полтинова 12,05 метр нәтижемен чемпион атанды.

Сырықпен секіруден Алматы қаласының спортшысы Анастасия Ибрагимова 3,90 метр биіктікті бағындырып, ел чемпионы атанды.

Қазақстан чемпионаты 24 шілдеге дейін жалғасады. Алдағы жарыс күндерінде жеңіл атлетиканың қалған түрлері бойынша жүлдегерлер анықталады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы