Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?
Бүгін, 9 шілдеде Қытайдың Ордос қаласында жеңіл атлетикадан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Құрлық біріншілігі 12 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасы бұл жарысқа 21 спортшымен қатысады. Оның ішінде төрт ер спортшы және 17 әйел спортшы ел намысын қорғайды.
Орта қашықтыққа жүгіруде Аяна Болатбекқызы (800 және 1500 м), Ақбаян Нұрмамет (1500 м), Александр Жигарь (800 м) және Виктория Сукачёва (800 м) жарысқа қатысады.
3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Ринат Кулыгин, Бағжан Серікқан және Ақбілек Құралбай сынға түссе, 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Анастасия Цвиркунова мен Екатерина Колода өнер көрсетеді.
Қысқа қашықтықта Екатерина Пузырёва 100 және 200 метрге, Мария Шувалова мен Анна Шумило 400 метрге жүгіреді.
Секіру түрлерінде Фаина Мейрманова (биіктікке секіру), Максим Балабин (сырықпен секіру), Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру), Диляра Хайбуллина (ұзындыққа және үш қарғып секіру) медаль үшін таласады.
20 шақырымдық спорттық жүрісте Ясмина Тоқанбаева мен Эльмира Калимуллина бақ сынайды. Ал көпсайыс бағдарламасында Алина Чистякова жетісайыстан өнер көрсетеді.
Сонымен қатар Қазақстан әйелдер құрамасы 4×100 және 4×400 метрлік эстафеталарда жарыс жолына шығады. Эстафеталық құрамға Анна Шумило, Анастасия Цвиркунова, Екатерина Колода, Виктория Сукачёва, Екатерина Пузырёва, Дарья Гридасова, Татьяна Но және Алина Чистякова енген.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған