457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Азия чемпионатында үздік үштікке қосылды

Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте үшінші орынға ие болды.

Қазақстан жеңіл атлетикадан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы бір медальға қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz
Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте үшінші орынға ие болды. Отандасымыз 1:41:26 нәтижесімен мәреге жетті.
Сондай-ақ Эльмира Калимуллина бесінші орынға табан тіреді.
Қытайлық Нин Цзиньлинь алтын медаль жеңіп алды - 1:38:24. Оның командаласы Доу Маоцо күміс жүлдеге ие болды - 1:39:01.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Анастасия Рыпакова күміс медаль алса, Максим Балабин қола жүлдемен көзге түскен еді.

Фото: ҰОК