457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ясмина Тоқсанбаева - Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Ол жартылай марафон қашықтығын 1 сағат 37 минут 17 секундта бағындырып, мәре сызығын екінші болып кесті.

Спорттық жүрістен Азия чемпионаты аясында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлде түсті. Құрлықтық дода Номи қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz

Аталған жарыста ел намысын қорғаған қазақстандық спортшы Ясмина Токсанбаева жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдені жеңіп алды. Ол жартылай марафон қашықтығын 1 сағат 37 минут 17 секундта бағындырып, мәре сызығын екінші болып кесті.

Бұл қашықтықта алтын медальді Қытай спортшысы Чжан Тин жеңіп алды. Оның көрсеткіші — 1:36:18. Ал үшінші орынды тағы бір қытайлық атлет — Лю Хайянь иеленді. Ол жарысты 1:38:45 нәтижесімен аяқтап, қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Номи қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатына құрлықтың бірқатар мықты спортшылары қатысып, жүлделі орындар үшін тартысты бәсеке өрбуде. Осындай додада қазақстандық спортшының жүлдеге ілігуі ұлттық құраманың әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Фото: ҰОК