Мәзір
Жеңіл атлетика

U20 әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының толық құрамы жарияланды

Сабина Асқарқызы 47 қаралым
U20 әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының толық құрамы жарияланды

5 тамызда АҚШ-тың Орегон штатында жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының сапында 11 спортшы бақ сынайды. Құрамаға мына спортшылар енді:

- Максим Сажнев (диск лақтыру)

- Шерхан Егізбай (5000 метрге спорттық жүріс)

- Егорь Струков (5000 метрге спорттық жүріс)

- Глеб Гладилов (үш қарғып секіру)

- Кирилл Савченко (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру)

- Богдан Гончаров (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру)

- Маргарита Стороженко (5000 метрге спорттық жүріс)

- Анна Черкашина (сырықпен секіру)

- Антонина Чернышова (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру)

- Алина Головина (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру)

- Софья Киденко (400 метрге жүгіру)

Әлем чемпионаты 9 тамызда аяқталады. Дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 1800-ден астам жеңіл атлет қатысады.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар