457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Токиода жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады

Әлем чемпионатында Нора Джеруто 3000 метрге кедергілермен жүгіру сайысында өнер көрсетеді.

Ертең Жапония астанасы Токиода жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Бұл додада Қазақстан спортшылары да бақ сынайды, деп хабарлайды malimsports.kz

Әлем чемпионатында Нора Джеруто 3000 метрге кедергілермен жүгіру сайысында өнер көрсетеді. Іріктеу кезеңі 15 қыркүйекте сағат 5:15-те, ал финал 17 қыркүйекте 17:57-де (Астана уақыты) өтеді.

Дейзи Джепкемей екі қашықтықта сынға түседі: 10 000 метрге жүгіруде финал 13 қыркүйекте 17:30-да басталады, сондай-ақ ол 3000 метрге кедергілермен жүгіруге қатысады.

Ясмина Токсанбаева 20 км спорттық жүрісте өнер көрсетіп, жарыс 20 қыркүйекте сағат 3:30-да өтеді.

Галина Якушева мен Полина Репина 35 км спорттық жүрісте бақ сынайды. Бұл жарыс 13 қыркүйекте сағат 4:00-де басталады.

Осылайша, қазақстандық жеңіл атлеттер Токио төрінде түрлі қашықтықтарда ел намысын қорғайды.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі