Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан атынан кімдер сынға түседі
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы Қытайдың Цзуньи қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Құрлық біріншілігінде ел намысын келесі спортшылар қорғайды:
- Милад Карими (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, ат снарядында және кермедегі жаттығулар)
- Ильяс Азизов (көпсайыс)
- Дмитрий Патанин (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, сақиналардағы жаттығулар, қоссырық және керме)
- Роман Хегай (көпсайыс)
- Дияс Тойшыбек (ат снарядындағы жаттығулар, қоссырық және керме)
- Нұртан Ыдырысов (көпсайыс)
Айта кетейік, алдағы Азия чемпионаты 2026 жылы өтетін Азия ойындары мен әлем чемпионатына іріктеу жарысы болып саналады. Жолдамалар командалық жарыстардың қорытындысы бойынша сарапқа салынады. Осыған байланысты бапкерлер штабы құрамды жасақтау кезінде бірнеше снарядта өнер көрсете алатын гимнастарға басымдық берді. Сол себепті жекелей снарядтарға маманданған спортшылар тізімге енгізілген жоқ.
Фото: ҰОК
Бразилияның үздік ойыншыларының бірі әлем чемпионатына қатыса алмайды
Ең көп оқылған