Қытайда алғаш рет адам мен роботтар бірге жүгірген жартылай марафон өтті
Қытай тарихында алғаш рет жартылай марафонға адаммен қатар адамтектес роботтар қатысты. Бірегей спорттық шара Бейжің қаласының Ичжуан ауданында ұйымдастырылды, деп хабарлайды malimsports.kz El.kz интернет порталына сілтеме жасап.
Жартылай марафон қашықтығы – 21 шақырым. Бұл жолы оған ғылыми-зерттеу институттары мен технологиялық компаниялардың ондаған командасы өздерінің роботтарын қосты. Кейбір модельдер адамның түр-тұлғасын айнытпай салған. Олардың жүзіне күлімсіреу және көз қысу сияқты мимикалық функциялар енгізілген.
Әрбір роботпен бірге оның «жаттықтырушысы» – адам еріп жүгірді. Кейбіреулер роботқа бағыт көрсетіп, қажет кезде қолдау көрсетті.
Жарыс кезінде түрлі қызықты сәттер де болды:
бірнеше робот спорттық кроссовка киіп шықты;
біреуі қолғап, енді бірі маңдайына «Жеңіс – міндетім!» деген жазуы бар қызыл байлау таққан.
Алайда барлық роботтар мәреге жете алмады. Біреуі жарыстың басында құлап, бірнеше минуттан кейін ғана орнынан тұрса, тағы біреуі қоршауға соғылып, өз операторымен бірге жерге құлаған.
Бұл тәжірибе Қытайдың робот техникасы мен жасанды интеллект саласында жеткен жетістіктерін көрсетеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай шаралар болашақта роботтардың адам өміріне етене араласуының бастауы болуы мүмкін.
Фото: Ашық дереккөзден
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған