Мәзір
Жеңіл атлетика

Qosanov Memorial: Шымкентте халықаралық жеңіл атлетика жарысы өтеді

Сабина Асқарқызы 68 қаралым
Qosanov Memorial: Шымкентте халықаралық жеңіл атлетика жарысы өтеді

30 маусымда Шымкентте жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнирі басталады, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Qosanov Memorial - World Athletics Continental Tour Bronze Level күнтізбесіне енген және халықаралық маусымдағы маңызды кезеңдердің бірі.
Биыл додаға 11 елден 250-ге жуық спортшы қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының көшбасшылары да бар.
Жарыс бағдарламасына 27 жекелей дисциплина және 4 эстафеталық сайыс енген.
Айта кетейік, турнир 1 шілдеде аяқталады.

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар