Қазақстандық жеңіл атлеттер халықаралық турнирлерде үш жүлде жеңіп алды
Қазақстан құрамасының спортшылары халықаралық жеңіл атлетика жарыстарында сәтті өнер көрсетіп, ел қоржынына үш жүлде салды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Елизавета Матвеева Лимасол қаласында өткен EKO Cyprus International Athletics Meeting жарысында күміс медаль жеңіп алды. Ол биіктікке секіру сайысында 185 сантиметр нәтижесін көрсетіп, екінші орынға тұрақтады.
Ал Кристина Овчинникова Белосток қаласында өткен Mityng na Rynku w Białymstoku аясында қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық спортшы 187 сантиметр биіктікті бағындырды.
Сонымен қатар Полина Иванова Пусан қаласында ұйымдастырылған World Athletics Challenger турнирінде сырықпен секіруде күміс медаль жеңіп алды. Ол 4,20 метр нәтижемен жарысты екінші орынмен аяқтады.
Осылайша, қазақстандық жеңіл атлеттер халықаралық аренадан екі күміс және бір қола жүлдемен оралды.
Фото: ҰОК
Бразилияның үздік ойыншыларының бірі әлем чемпионатына қатыса алмайды
Ең көп оқылған