Шымкент қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнирдің алғашқы жарыс күні қазақстандық спортшылар үшін табысты болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Алтын медаль иегерлері қатарында Аделина Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру – 55.69), Вячеслав Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру – 50.90), Ефим Тарасов (400 метр – 47.43), Аяна Болатбекқызы (1500 метр – 4:19.43), Мария Ефремова (ұзындыққа секіру – 6.01 м) және Максим Балабин (сырықпен секіру – 5.20 м) бар.
Сондай-ақ Кристина Миньковская, Мария Щипачева, Анастасия Кононович және Елизавета Якименкодан құралған «Қазақстан-3» командасы 4×100 метрлік эстафетада чемпион атанды.
Күміс жүлдені Анастасия Колода (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру – 59.66), Виктория Ан (100 метр – 11.97), Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру – 5.91 м), Иван Товченик (сырықпен секіру – 5.10 м) иеленді. Сонымен қатар Иван Тетерин, Алмат Төлебаев, Данил Сутжанов және Руслан Құрманәлиевтен құралған «Қазақстан-1» командасы 4×100 метрлік эстафетада екінші орынға тұрақтады.
Қола жүлдеге Екатерина Колода (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Александра Залюбовская (400 метр), Эльнор Мұхитдинов (400 метр), Ақбаян Нұрмамбет (1500 метр), Игорь Хрунин (1500 метр), Арина Мишеева (100 метр), Алмат Төлебаев (100 метр), Алина Чистякова (ұзындыққа секіру), Данил Полянский (сырықпен секіру) және Иван Иванов (ядро лақтыру) қол жеткізді.
Эстафеталық жарыстарда Захар Левицкий, Александр Безруков, Ерасыл Мұрзамұхамбетов пен Максим Мироновнан құралған «Қазақстан-2» командасы, сондай-ақ Диана Трофименко, Анастасия Цвиркунова, Карина Рахимова және Евгения Слепченкодан құралған «Қазақстан-3» құрамасы да қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир 1 шілдеде мәресіне жетеді.
Фото: ҰОК