Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия чемпионатының алғашқы күнінде жүлдесіз қалды
Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.
100 метрге жүгірудің финалында Екатерина Пузырева 12,24 секунд нәтиже көрсетіп, жетінші орынға тұрақтады.
3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Ақбілек Құралбай финалда 11:11,60 уақытпен мәреге жетіп, алтыншы орын алды.
Сонымен қатар Аяна Болатбекқызы 800 метрге жүгірудің іріктеу кезеңінде 2:09,43 нәтиже көрсетіп, өз тобында үшінші орын алып, финалға жолдама жеңіп алды.
Ал осы қашықтықта Виктория Сукачева 2:12,10 уақытпен жалпы есепте оныншы орынға тұрақтап, шешуші кезеңге өте алмады. Ерлер арасындағы 800 метрге жүгіруде Александр Жигарь 2:00,02 нәтижемен тоғызыншы орын алып, жарысты іріктеу кезеңінде аяқтады.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты 12 шілдеге дейін жалғасады.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған