Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия чемпионатында тағы үш жүлде жеңіп алды
Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлде қорын тағы үш медальмен толықтырды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жетісайыс бағдарламасында өнер көрсеткен Алина Чистякова күміс медаль жеңіп алды.
Ал әйелдер арасындағы 4×100 метрге эстафетада Анна Шумило, Екатерина Пузырева, Татьяна Но және Дарья Гридасовадан құралған Қазақстан құрамасы мәреге үшінші болып келіп, қола жүлдеге ие болды.
Тағы бір қола медаль 4×400 метрлік эстафетада еншіленді. Бұл сында Қазақстан намысын Анна Шумило, Анастасия Цвиркунова, Екатерина Колода және Мария Шувалова қорғады.
Осылайша, Қазақстан құрамасының жастар арасындағы Азия чемпионатындағы жүлде саны арта түсті. Бұған дейін Анастасия Рыпакова күміс медаль жеңіп алса, Максим Балабин мен Ясмина Тоқсанбаева қола жүлдегер атанған еді.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған