457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық атлеттер Токиодағы әлем чемпионатын аяқтады

Менің басты мақсатым – келесі жылғы Азия біріншілігінде топ жару

Жапония астанасы Токио қаласында өткен жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Отандық спортшылар арасынан ең соңғы болып жарыс жолына спорттық жүрістен сынға түскен Ясмина Тоқсанбаева шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Тоқсанбаеваның нәтижесі

Әйелдер арасындағы 20 шақырымдық спорттық жүрісте Ясмина Тоқсанбаева мәре сызығын 1 сағат 31 минут 51 секундта кесіп өтіп, 23-орынға ие болды. Бұл оның биылғы маусымдағы екінші үздік көрсеткіші.

Спортшының пікірі

Жарыстан кейін Ясмина өз әсерімен бөлісті:

«Бұл менің ересектер арасындағы алғашқы чемпионатым. Шыны керек, керемет сезімдерді бастан кештім. Әлемнің үздіктерімен, көшбасшыларымен бір қатарда жүру сенімімді арттырды. Өзім үлгі тұтатын талай спортшыны көрдім. Бір сөзбен айтқанда, алғашқы әлемдік дода – мен үшін үлкен тәжірибе болды. Биыл жеті жарысқа қатысыппын. Наурыздан қыркүйекке дейін үздіксіз жүру оңай емес. Енді келесі жылға дайындаламын. 2026 жылы Азия ойындары мен Азия чемпионаты өтеді. Менің басты мақсатым – келесі жылғы Азия біріншілігінде топ жару», – деді ол.

Бұған дейінгі жетістіктері

2024 жылғы Азия біріншілігінде қола медаль иеленген.

Жазғы Универсиадада үздік алтылыққа енген.

Ясмина Тоқсанбаева үшін Токиодағы әлем чемпионаты үлкен тәжірибе мектебі болды. Спортшы алдағы жылы өтетін басты додаларға тыңғылықты дайындалатынын айтты.

Фото: ҰОК