457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан триатлоннан Азия чемпионатында үшінші медалін жеңіп алды

Қытайдың Сюйчжоу қаласында өтіп жатқан триатлоннан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

U17 жас санатындағы аралас эстафета бәсекесінде қазақстандық команда күміс медаль жеңіп алып, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Ел құрамасы сапында Гор Депершмидт, Альхам Мұрат, Калерия Шнейдер және Алуа Нұрмұхамет өнер көрсетті. Қазақстандық спортшылар жарыс бойы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы жалпы медаль саны үшеуге жетті. Бұған дейін Рамазан Айнегов (U17) пен Ясмина Бузуртанова (U15) өз жас санаттарында чемпион атанып, ел қоржынына екі алтын медаль салған болатын.

 

Фото: ҰОК