Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан триатлон құрамасы Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатында екі алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ел қоржынына алғашқы алтынды U17 жас санатында өнер көрсеткен Рамазан Айнегов салды. Ол «суперспринт» бағдарламасында 25 минут 49 секунд нәтиже көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті.
Ал 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Ясмина Бузуртанова қарсыластарынан озып шығып, Азия чемпионы атанды. Қазақстандық спортшы қашықтықты 30 минут 56 секундта еңсерді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін екі алтын медальмен бастады.
Азия чемпионаты бүгін эстафеталық жарыстармен жалғасады. Яғни, турнирдің қалған жүлдегерлері анықталады.
Фото: ҰОК
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған