457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын алтын және қола медальмен аяқтады

Қытайдың Шаосин қаласында өткен эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар 4×400 метрлік аралас эстафетада алтын медаль жеңіп алды. Эльнор Мұхитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс құрамындағы команда мәреге 3:16.75 нәтижесімен жетіп, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар отандастарымыз Қазақстан рекордын жаңартты.

Чемпионаттың соңғы күні әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы жүлдегерлер қатарына қосылды. Анна Шумило, Мария Шувалова, Аделина Земс және Александра Залюбовская бастапқыда төртінші нәтиже көрсеткен болатын.

Алайда күміс жүлдеге таласқан Шри-Ланка құрамасы жарыс ережесін бұзғаны үшін нәтижеден шеттетілді. Соның арқасында Қазақстан құрамасы бір саты жоғарылап, қола медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Шаосиндегі Азия чемпионатын бір алтын және бір қола медальмен қорытындылады.

 

Фото: ҰОК