457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Токио (Жапония) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында іріктеуден сәтті өтті

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Токио (Жапония) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында іріктеуден сәтті өтті, деп хабарлайды malimsports.kz

15 қыркүйекте әйелдер арасында 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгірудің іріктеу кезеңі өтті.

Бұл сынға Қазақстан атынан Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемей қатысты.

Джеруто алғашқы жүгіруде мәреге екінші болып келіп, финалға жолдама алды. Ал Джепкемей өз жүгірісінде тоғызыншы орынға табан тіреп, келесі кезеңге өте алмады (финалға үздік бес спортшы шықты).

Айта кетейік, финал 17 қыркүйекте өтеді.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі