Мәзір
Жеңіл атлетика

Нора Джеруто Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Сабина Асқарқызы 113 қаралым
Нора Джеруто Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы медальға ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Нора Джеруто жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Отандасымыз 1500 метр қашықтыққа жүгіруден қола медаль жеңіп алды.

Бұған дейін турнир аясында 800 метр қашықтықта жартылай финалдық жарыстар өтіп, қазақстандық екі спортшы финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Ақбаян Нұрмәмет екінші болып мәреге жетіп, іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Ал Екатерина Колода мәреге төртінші болып жетіп, уақыт көрсеткіші бойынша шешуші кезеңге шықты. 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар