Нора Джеруто әлем чемпионатында кезекті рет бақ сынайды

13-21 қыркүйек аралығында Жапония астанасы Токиода жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлемдік жарыста Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар анықталды.
Токио төрінде төмендегі спортшылар сынға түседі:
1. Нора Джеруто - 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру;
2. Дейзи Джемпкемей - 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 10 000 метрге жүгіру
3. Ясмина Тоқсанбаева - спорттық жүріс, 20 шақырым
4. Галина Якушева - спорттық жүріс, 35 шақырым
5. Полина Репина - спорттық жүріс, 35 шақырым
Айта кетейік, қазақстандық спортшылар бүгінде әлем чемпионаты қарсаңындағы соңғы жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Фото: olympic.kz


Ең көп оқылған
