457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Милад Карими спорттық гимнастикадан Challenge кубогында сынға түседі

Қазақстандық гимнастар Венгрияда өтетін турнирге қатысады

26-28 қыркүйек аралығында Венгрияның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Challenge кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

ҰОК мәліметінше, Халықаралық гимнастика федерациясы жарысқа қатысатын командалардың алдын ала құрамын жариялады.

Бұл турнирде еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды: Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Мастеров және Диас Тойшыбек жүлде үшін сынға түседі.

Айта кетейік, жуырда ғана Парижде (Франция) өткен кезеңде Нариман Курбанов ат снарядында орындалатын жаттығуда алтын медаль жеңіп алған еді.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі