Мәзір
Жеңіл атлетика

Милад Карими әлем кубогында жүлдегер атанды

Сабина Асқарқызы 101 қаралым
Милад Карими әлем кубогында жүлдегер атанды

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогының 2-кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Милад Карими тұғыр сатысына көтерілді, деп хабарлайды malimsports.kz.  

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, отандасымыз еркін жаттығудың финалында 14.300 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды. Милад осы дисциплинада 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері екенін айта кетейік.
Еркін жаттығу, жүлдегерлер:
1. Егор Шарамков (Бейтарап атлет, Беларусь) 14.533 балл
2. Милад Карими (Қазақстан)
3. Минами Казуки (Жапония) 14.200 балл
Бүгін қос сырық финалында отандасымыз Дмитрий Патанин 7-сатыдан көрінді.
Ертеңгі финалдарда Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдырысов (тұтқалы ат снаряды), Милад Карими, Диас Тойшыбек (керме) өнер көрсетеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар