Милад Карими әлем чемпионатында бесінші орынға тұрақтады
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті,
деп жазады malimsports.kz.
Отандасымыз кермедегі жаттығудың ақтық сайысында 14.366 ұпай жинап, әлем біріншілігін бесінші орынмен аяқтады.
АҚШ өкілі Броди Мэлоун жарыс жеңімпазы атанды - 14.933. Дайки Хашимото (Жапония) күміс медальға ие болды - 14.733. Джо Фрейзер (Ұлыбритания) үздік үштікті түйіндеді - 14.700.
Бұған дейін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтаған болатын.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған