457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ғұсман Қосановты еске алу турнирі: Қазақстан құрамасы екінші жарыс күнінде де үздік нәтиже көрсетті

Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыстың екінші күнінде қазақстандық спортшылар бірқатар сайыста үздіктер қатарынан көрініп, алтын, күміс және қола медальдарды еншіледі.

Алтын жүлдені Мария Ефремова (үш қарғып секіру, 13,83 м), Рамазан Шаиев (800 метр, 1:51.77), Полина Иванова (сырықпен секіру, 4,10 м) және Ақбілек Құралай (5000 метр, 17:26.10) жеңіп алды.

Күміс медаль иегерлері қатарында Антонина Чернышева (110 метр кедергілер арқылы жүгіру, 13.78), Ақбаян Нұрмамбет (800 метр, 2:07.98), Никита Изотов (800 метр, 1:52.08), Анна Черкашина (сырықпен секіру, 4,00 м), Виктория Ан (200 метр, 24.21), Виталий Земс (200 метр, 21.45), Давид Ефремов (110 метрге жүгіру, 13.95), сондай-ақ Виктория Ан, Виталий Земс, Екатерина Пузырева және Руслан Құрманалиевтен құралған Қазақстанның аралас эстафеталық құрамасы (4×100 метр) бар.

Қола медальді Алина Чистякова (110 метр кедергілер арқылы жүгіру, 14.09), Елизавета Якименко (үш қарғып секіру, 12,50 м), Аяна Болатбекқызы (800 метр, 2:08.01), Анастасия Ибрагимова (сырықпен секіру, 3,80 м), Арина Гладышева (5000 метр, 17:42.91), сондай-ақ Алмат Тулебаев, Данил Сутжанов, Татьяна Но және Дария Гридасовадан құралған «Қазақстан-2» аралас эстафеталық командасы (4×100 метр) иеленді.

Осылайша, Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнирде қазақстандық жеңіл атлеттер бірнеше бағдарлама бойынша жүлделі орындарға ие болып, халықаралық додадағы жоғары дайындықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Фото: ҰОК