Аяна Болатбекқызы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында жүлдесіз қалды
Қазақстандық жеңіл атлет Аяна Болатбекқызы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандасымыз 800 метрге жүгіру сайысында ел намысын қорғады.
Аяна ақтық сында 2:11.35 уақыт көрсеткішімен алтыншы орынға табан тіреді.
Алтын медальді өзбекстандық Джонбиби Хукмова жеңіп алды - 2:08.41. Екінші орынға Куруми Сугурэ (Жапония) ие болды - 2:09.42. Үндістандық Бхумешвори Деви Хуйдром үздік үштікті түйіндеді - 2:10.20.
Фото: ҰОК
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Аналитика
|
25.08.2026 17:59
2026-08-25 17:59:00
Ең көп оқылған