Мәзір
Жеңіл атлетика

Аян Бейсенбаев Астанадағы Азия кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды

Сабина Асқарқызы 61 қаралым
Аян Бейсенбаев Астанадағы Азия кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық триатлоншы Аян Бейсенбаев Астанада өткен триатлоннан Азия кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Отандасымыз жарыс қашықтығын 54 минут 5 секундта еңсеріп, мәреге бірінші болып жетті. Осылайша, Аян Бейсенбаев халықаралық турнирдің алтын медалін иеленді.

Күміс жүлде Тео Матриге бұйырды. Ол жеңімпаздан небәрі үш секундқа қалып, 54 минут 8 секунд нәтиже көрсетті. Ал үшінші орынды Чехия өкілі Радим Гребик иеленді – 54 минут 9 секунд.

Жарыста Қазақстан құрамасының өзге өкілдері де жақсы нәтиже көрсетті. Егор Крупяков алғашқы ондыққа еніп, сегізінші орын алды. Дарын Қонысбаев 11-орынға тұрақтаса, Темірлан Теміров 14-нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, Астанадағы Азия кубогы кезеңі құрлықтың үздік триатлоншыларын жинап, жоғары деңгейдегі бәсекеге айналды.

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар