Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстанның XXXV қысқы чемпионаты өтеді
9-11 қаңтар аралығында Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының XXXV қысқы чемпионаты өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Чемпионат ҚР Туризм және спорт министрлігінің, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының және Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен World Athletics талаптарына сәйкес өтеді.
Ел біріншілігіне Қазақстанның 18 өңірінен спортшылар қатысады. Жарыс бағдарламасына ерлер мен әйелдер арасында 13 жеке спорт түрі, 2 эстафета және 1 аралас (mix) эстафета енгізілген. Жалпы саны – 31 жарыс.
Ұлттық құраманың кеңесші бапкері Александр Апайчевтің айтуынша, чемпионатта ерлер мен әйелдер арасында 15-тен жарыс, сондай-ақ бір аралас бағдарлама өтеді. Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемеи 1500 және 3000 метр қашықтықта өнер көрсетеді. Сонымен қатар ұлттық құраманың негізгі спортшыларының барлығы дерлік қатысады деп жоспарланған.
Бұл чемпионат 6-8 ақпанда Қытайда өтетін Азия чемпионаты мен наурыз айында Польшада ұйымдастырылатын Әлем чемпионатына іріктеу жарысы саналады. Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша халықаралық додаларға қатысатын негізгі құрам жасақталады.
Фото: ҰОК
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған