457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Арман Дюплантис 6,30 метрді бағындырып, жаңа әлем рекордын орнатты

Жапонияда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында швед спортшысы Арман (Мондо) Дюплантис кезекті рет тарих жазды, деп хабарлайды malimsports.kz

Ол сырықпен секіруден 6 метр 30 сантиметр биіктікті еңсеріп, жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Финалда Дюплантис алдымен 5,55 м, 5,85 м және 5,95 м биіктіктерді қиналмай алды. 6 метрді тек өзі және грек спортшысы Эммануил Каралис еңсерді. Нәтижесінде Каралис күміс, австралиялық Кертис Маршалл қола жүлдегер атанды.

Жанкүйерлердің қолдауымен Дюплантис алдымен 6,15 метрді бағындырып, кейін рекордтық 6,30 метрге үшінші мүмкіндігінде сәтті секірді. Бұл — оның спорттық мансабындағы 14-ші әлем рекорды.

Айта кетейік, чемпионат 19 қыркүйекке дейін жалғасады.

Фото: Арман Дюплантис