Мәзір
Жеңіл атлетика

Абылайхан Жүсіпов елордада өтіп жатқан Әлем кубогында қырғыз боксшысына жеңілді

Арман Қайыпхан 382 қаралым
Абылайхан Жүсіпов елордада өтіп жатқан Әлем кубогында қырғыз боксшысына жеңілді

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының алғашқы кездесуінде жарақатына байланысты қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Абылайхан алғашқы кездесуінде Қырғызстан өкілі Алмаз Орозбековке қарсы шыққан еді. Алғашқы екі раундта басымдық Абылайханда болғанымен, 3-раундта ол жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Осылайша қазақстандық боксшы жарыс жолынан ерте шығып қалды.

Фото: Olympic.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар