457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жазира Жаппарқұл лауазымды қызметке тағайындалды

Олимпиада жүлдегерінің федерация жұмысына араласуы жас спортшыларға мотивация беріп, кәсіби спорттың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.

Қазақстандық зілтемірші, ауыр атлетикадан «Рио» Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды malimsports.kz
Куәлікті ҚР Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті, Шымкент қаласы бойынша филиал президенті Мұрат Жолдыхожаев салтанатты түрде табыстады.
Тағайындау барысында Мұрат Жолдыхожаев Жазира Жаппарқұлдың спорттағы жетістіктері мен тәжірибесі өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға серпін беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Олимпиада жүлдегерінің федерация жұмысына араласуы жас спортшыларға мотивация беріп, кәсіби спорттың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.
Өз кезегінде Жазира Жаппарқұл сенім білдіргені үшін алғыс айтып, өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға бар күш-жігерін салатынын жеткізді. Ол жасөспірімдер спортына ерекше көңіл бөліп, жаттықтырушылар құрамымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.
Айта кету керек, Жазира Жаппарқұл – халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғаған тәжірибелі спортшы. Оның спорттық жолы мен жетістіктері жас буынға үлгі болары сөзсіз.
Мамандардың пікірінше, мұндай кадрлық шешімдер аймақтағы ауыр атлетиканың дамуына жаңа серпін беріп, спортшылардың халықаралық жарыстардағы нәтижелерін арттыруға мүмкіндік жасайды.

Фото: Ашық дереккөзден