457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үш жүлдеге ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жас жеткіншектер арасында 95 келіге дейінгі салмақта Нұржан Жұмабай топ жарды. Ол қоссайыста 354 келі (159+195) көтеріп, Азия чемпионы атанды.

Осы салмақта жасөспірімдер арасында Әлихан Әскербай 361 келі (163+198) нәтижесімен қола медаль жеңіп алды.

Ал 77 келіден жоғары салмақта жас жеткіншектер арасында өнер көрсеткен Софья Шешукова қоссайыс қорытындысы бойынша 232 келі (100+132) көтеріп, үшінші орынға ие болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыстың кезекті күнінде бір алтын және екі қола медаль еншіледі.

 

Фото: ҰОК

Ең көп оқылған