Мәзір
Ауыр атлетика

Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионы атанды

Сабина Асқарқызы 41 қаралым
Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионы атанды

Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz. 

ҰОК мәліметінше, қазақстандық ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында 85 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 358 (160+198) келіні еңсерді. 

Сондай-ақ дәл осы салмақта Ерасыл Сәулебеков 351 (154+197) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды.

Ал күміс жүлдені өзбекстандық Хикматилло Хайдаров жеңіп алды - 357 (161+196) келі.

Сурет: AWF

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар