457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан ауыр атлеттері Азия чемпионатын үздік нәтижемен аяқтады

Төрехан Асанхан (70 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Жарыс қорытындысында Қазақстан құрамасының нәтижесі бойынша жас жеткіншектерде Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Ксения Прозорова (61 келіге дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін), Нұржан Жұмабай (95 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.
Төрехан Асанхан (70 келіге дейін) күміс медальға ие болды.
Ал Нұрсыйла Берікбол (57 келіге дейін), Софья Шешукова (77 келіден жоғары) үшінші орын алды.
Ал жасөспірімдерде Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Аянат Жұмағали (77 келіге дейін), Ақжол Құрманбек (85 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.
Софья Шешукова (86 келіден жоғары) күміс жүлдегер атанды.
Сонымен бірге, Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін), Ерасыл Сәулебеков (85 келіге дейін), Әлихан Әскербай (95 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Фото: ҰОК

Ең көп оқылған