Халықаралық ауыр атлетика федерациясы маңызды мәлімдеме жасады

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатысты маңызды шешім қабылдады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл жаңалық Қазақстан ауыр атлеттері үшін де үлкен мәнге ие.
Ресми мәліметке сәйкес, алдағы Олимпиадада ауыр атлеттер 10 емес, 12 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Яғни, ерлер арасында да, әйелдер арасында да алты-алты салмақ санаты болады.
IWF атқарушы комитеті Халықаралық Олимпиада комитетіне (ХОК) жарыс бағдарламасын кеңейту жөнінде ұсыныс жасаған. Нәтижесінде бұл ұсыныс мақұлданып, спортшыларға көбірек мүмкіндік берілмек.
Қазіргі таңда нақты қай салмақ дәрежелері Олимпиада бағдарламасына енетіні әзірге белгісіз. Бұл мәселе 2025 жылдың соңына дейін түпкілікті шешіледі деп күтілуде.
Бұл өзгеріс қазақстандық ауыр атлеттер үшін де маңызды болмақ. Себебі салмақ дәрежелерінің кеңейтілуі ел құрамасының Олимпиададағы медальдық мүмкіндіктерін арттыруы ықтимал.
Фото: nce.ru


Ең көп оқылған
