Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Төрехан Асанхан 70 келіге дейінгі салмақта жас жеткіншектер арасында екінші орын алды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 269 (119+150) келіні еңсерді.
Таиланд өкілі Витчая Пратхумта алтын жүлдеге ие болды - 273 (119+154) келі. Иран спортшысы Реза Замани үздік үштікті түйіндеді - 268 (122+146) келі.
Фото: AWF
Төрехан Асанхан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
#Қазақстан
#Азия чемпионаты
#ауыр атлетика
#әлем
#спорт
#қоғам
#күміс
#Азия
#жетістік
#Төрехан Асанхан
Осы тақырыпта