457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Светлана Подобедова екінші сәбиін аман босанды 

Светлана Подобедова жары Нұрлан Қарабалинмен алты жастағы Руслан есімді ұл баланы тәрбиелеп отыр. 

Ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы Свелтана Подобедова екінші сәбиін өмірге әкелді, деп хабарлайды malimsports.kz

Көпшіліктен сүйінші сұраған ауыр атлет отбасында қуаншы жаңалық болғанын жеткізді.

«Менің отбасым тағы бір жақсы адамға көбейді», - деп жазды ауыр атлет. 

Светлана Подобедова жары Нұрлан Қарабалинмен алты жастағы Руслан есімді ұл баланы тәрбиелеп отыр. Оның күйеуі аралас жекпе-жектен Астана қаласында бапкер болып қызмет атқарады.

Ол спорттағы мансабын аяқтағалы бері қыз-келіншектерді жаттықтыратын фитнес-бапкер қызметін қолға алған болатын. Әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген спортшының декреттік демалыста жүргенін жанкүйерлері сезбей қалғанын айтуда. Оның шаңырағындағы қуанышты жаңалықтан соң көпшілік оған игі тілегін арнап, сәбиінің дені сау азамат болып өсуіне тілектестік білдірді. 2016 жылы допинг бойынша айыпталған Светлана Подобедованың Лондон Олимпиадасында көрсеткен үздік нәтижесі ХОК тарапынан жоққа шығарылған. Сондай-ақ, ол әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, бір мәрте күміс жүлдегері. 2009 жылы Азия чемпионы атанған. Ал 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында топ жарды.

Фото: Спортшының желідегі парақшасынан