Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында тағы екі медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қоржынына тағы екі жүлде салды, деп хабарлайды malimsports.kz.
57 келіге дейінгі салмақта Снежана Кашкарова қоссайыс қорытындысы бойынша 200 келіні (88+112) бағындырып, Азия чемпионы атанды.
Осы салмақта өнер көрсеткен Нұрсила Берікбол 176 келіні (77+107) көтеріп, қола медаль еншіледі.
Осылайша, Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы жүлде саны үшке жетті. Бұған дейін 65 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Ерсейіт алтын медаль жеңіп алған болатын.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған