Михаил Шайдоров Алматыда ашық жаттығу өткізеді

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров ертең Алматыдағы «Халық Арена» мұз айдынында баспасөз конференциясын және жанкүйерлер үшін ашық жаттығу өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Денис Теннен кейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың үздігі атанған Михаил Шайдоров 2022 жылы небәрі 17 жасында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алған еді. Бүгінде оның шеберлігі мен дайындығы әлемдік деңгейдегі үздік спортшылар қатарына қосып отыр.
Михаил Шайдоров – қазіргі заманғы мәнерлеп сырғанаудағы жұлдызды спортшылардың бірі. Оның өнері техникалық күрделілігімен, көркемдігімен және артистизмімен ерекшеленеді. Кейінгі жылдары ол халықаралық жарыстарда тұрақты түрде сәтті өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғап жүр.
Айта кетейік, Шайдоров бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы атанып, биыл Оңтүстік Кореяда өткен Төрт құрлық чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Қытайдағы «Гран-при» кезеңінде күміс пен қола медаль иеленіп, Азия ойындарының қола жүлдегері болды. Бұған қоса, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында да күміс жүлде еншілеген.
Сурет: ҰОК


Ең көп оқылған
