Мәзір
Ауыр атлетика

Ксения Прозорова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды

Сабина Асқарқызы 39 қаралым
Ксения Прозорова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды

Өзбекстанның Ташкент қаласында жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыстың кезекті күнінде Қазақстан өкілі Ксения Прозорова 61 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 204 келі (94+110) көтеріп, Азия чемпионы атанды.

Күміс жүлде 200 келі (89+111) нәтижесімен Өзбекстан өкілі Муниса Балтаеваға бұйырды. Ал Иран спортшысы Хажар Седе 195 келі (90+105) көтеріп, қола медаль еншіледі.

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар