Мәзір
Ауыр атлетика

Ислам ойындарында үш медаль алған спортшы Қазақстан чемпионатын жеңді

Сабина Асқарқызы 142 қаралым
Ислам ойындарында үш медаль алған спортшы Қазақстан чемпионатын жеңді

Астанада өтіп жатқан Қазақстанның ауыр атлетика чемпионатында әйелдер арасындағы 110 келіден жоғары салмақта ел чемпионы анықталды.

Бұл санаттағы ең мықты атлет ретінде Қарағанды облысының өкілі Любовь Ковальчук топ жарды.

Ковальчук қос сайыс қорытындысы бойынша 260 келі көтеріп, сенімді түрде чемпион атанды. Ол – Исламиада ойындарының үш мәрте күміс жүлдегері, тәжірибелі спортшы.

110 келіден жоғары салмақ дәрежесі нәтижелері:

Любовь Ковальчук (Қарағанды облысы) – 260 кг

Айсамал Сансызбаева (Қызылорда облысы) – 210 кг

Аида Ибраим (Жетісу облысы) – 207 кг

Динара Қыпшақбай (Қызылорда облысы) – 207 кг

Айта кетейік, Айсамал Сансызбаева –  2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ал Аида Ибраим мен Динара Қыпшақбай бірдей нәтиже көрсетіп, қола жүлдені бөлісті.

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

Бұл санатта Алматы қаласының спортшысы Сәния Орманбаева жеңімпаз атанды. Оның нәтижесі –  207 келі.

Нәтижелер келесідей:

Сәния Орманбаева (Алматы қаласы) – 207 кг

Аиша Омарова (Қарағанды облысы) – 206 кг

Виктория Новикова (Ақмола облысы) – 201 кг.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар