457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Илья Ильинге арнайы зейнетақы тағайындалды

Илья Ильин мен оның жұбайы Татьяна Ильина Instagram желісінде бірлескен жазба жариялады

Қазақстанның әйгілі ауыр атлеті Илья Ильинге спорттағы еңбек өтілі үшін зейнетақы тағайындалды. Бұл туралы спортшының жұбайы әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады malimsports.kz

Илья Ильин мен оның жұбайы Татьяна Ильина Instagram желісінде бірлескен жазба жариялап, спортшы өміріндегі жаңа кезең басталғанын айтты.

Татьяна Ильинаның айтуынша, өткен аптада күйеуіне спорттағы ұзақ жылғы еңбегі үшін зейнетақы тағайындау туралы ресми бұйрыққа қол қойылған. Қазақстанда мұндай құқыққа Олимпиада чемпиондары мен әлем чемпиондары, сондай-ақ өмірінің 20 жылдан астам уақытын спортқа арнаған спортшылар ие болады.

«Үш өмірге жетерлік мансап. Өткен аптада күйеуіме спорттағы еңбек өтілі үшін зейнетақы тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылды. Оның спорттағы жолына қарасам, бір ой келеді: Илья небәрі 37 жаста, бірақ осы уақыт ішінде бірнеше спорттық өмірге жететін мансапты өткерді», – деп жазды Татьяна Ильина.

Айта кетейік, Илья Ильин – ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Ол спорттық мансабында төрт рет әлем чемпионы, екі рет Азия чемпионы атанды. 2008 және 2012 жылдары Қазақстанға Олимпиада ойындарының алтын медалін әкелген. Алайда кейін допинг дауына байланысты бұл жүлделерінен айырылған болатын.

Фото: Instagram.com / ilyailyinforever