Ерсейіт Бейбарыс ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті алтын жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
65 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ерсейіт Бейбарыс U17 санатында топ жарды. Қазақстандық спортшы жұлқа көтеруде және қоссайыс қорытындысында рекордтық нәтиже көрсетті.
Қоссайыс нәтижесі бойынша Ерсейіт Бейбарыс 281 келі (129+152) көтеріп, жарыстың алтын медалін иеленді. Екінші орынға Вьетнам спортшысы Нгуен Занх Дай 278 келі (125+153) нәтижесімен тұрақтаса, Жапониялық Хига Аю 256 келі (121+135) көрсеткішімен қола жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар қазақстандық зілтемірші көрсеткен 281 келілік нәтиже U20 санатындағы жалпы есепте де жүлдеге жол ашып, оған қола медаль әкелді.
Айта кетейік, ауыр атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты Ташкентте 14 тамызға дейін жалғасады.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған